Жуырда Экономика және құқық институты кафедраларының меңгерушілері Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен және олардың ата-аналарымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесудің үйлестірушісі – Институт директорының орынбасары Елена Васильчук.
Іс-шараның басында институт директоры Әлібек Табылденов сөз сөйлеп, университеттің білім беру саясатымен таныстырды, сондай-ақ экономист, заңгер мамандықтары және институт құрамындағы әлеуметтік мамандықтар жайлы әңгімелеп берді. Жалпы институт базасында бакалавриат бағдарламасы бойынша 10 және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 14 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланып жатыр.
Институт директорының орынбасары Орал Такиров А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі оқу гранттары мен оқу ақысының жеңілдіктері туралы ақпаратпен бөлісті.
Экономика және қаржы кафедрасының меңгерушісі Дина Кенжебекова «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламаларын талапкерлер назарына ұсынды, болашақ мамандарды даярлауда экономикалық білім берудің өзектілігіне және кафедраның материалдық-техникалық, профессорлық-оқытушылық құрамының кадрлық мүмкіндіктеріне назар аударды.