Биылғы археологиялық экспедиция біздің зерттеушілерге жақсы жаңалықтар әкелді. Шілде айында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің археологиялық зертханасының қызметкерлері мен студенттері Қаратомар қорымында қазба жұмыстарын жүргізді. Жоспарланған қазба жұмыстарының барысында, зерттеушілер Береговое ауылының жанынан тағы бір белгісіз жерлеуді тапты. «Жергілікті тұрғындар бізге өздері тауып алған археологиялық артефактарды, керамика, ыдыстарды берді. Біз барып, археологиялық ескерткіштің – қорымның жойылудың аз-ақ алдында тұрғанын анықтадық. Бұл қорым да қола дәуіріне тиесілі екен. Қабірдің шетін су шайып жатыр, кейбір шұңқырлар толығымен жойылып кеткен, ал кейбіреулері жойылуға жақын. Сондықтан жаңа қорымда шұғыл қазба жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болдық, өйткені зергерлік бұйымдар мен ыдыстар жағалау белдеуінде орналасқан»,-дейді археологиялық зертхананың жетекшісі Андрей Логвин. Артефактар зертханаға зерттеу үшін әлі жеткізілмеген. Қазір зерттеушілер Қаратомар қорымынан тапқан жәдігерлермен айналысуда.