object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 06:26:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Археологиялық практика – 2020

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығының бірінші курс студенттері Береговое ауылына жақын жердегі Қаратомар су қоймасына археологиялық қазба жұмыстарына аттанды.

Бұл экспедиция студенттердің оқу жоспарына сәйкес жыл сайын өткізілетін археологиялық тәжірибенің аясында ұйымдастырылды. ҚМУ археологиялық зертханасы көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Жыл сайын археологтар студенттермен бірге археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді. Тарих мамандығының студенттері үшін бұл жай археологиялық тәжірибе емес, олар қазба жұмыстарына қатысады, ғалымдармен бірге тарихи артефактілерді зерттейді. Көбінің археологияға деген қызығушылығы осындай көңілді саяхаттардан басталады. Осындай қызықты артефактілердің бірі Каратомар су қоймасы жағалауындағы қорымның қазба жұмыстары кезінде табылды.

«Бұл қола дәуірінің қабірі. Сондай-ақ жас жерлеулер – ерте темір дәуірі, орта ғасырға жататындары да бар. Бірақ біз қола дәуіріне жататындарын таптық. Ол – қола қазан. Бұл өте сирек кездесетін олжа, және, әрине, есте қаларлық»-дейді ҚМУ археологиялық зертханасының меңгерушісі Андрей Логвин. Ол жақында «Этнология және археология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының PhD докторы дәрежесіне ие болды.

Осы жылы тәжірибе барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ерекше жағдайларда өткізілуде.

Қабылдау комиссиясы