А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және философия кафедрасы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айбек Шалғымбековтің бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, ауған жауынгерлерімен және еңбек ардагерлерімен үлкен жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстар бірнеше жылдан бері мерейтойлық даталар мен мерекелерден тыс уақыттарда да жүзеге асырылып келеді.
Қалалық ардагерлер кеңесімен бірге кафедра оқытушылары мен студенттері ардагерлерге барып, олардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы қосымша ақпарат жинақтайды. Бұл жұмыс оқу жылының басында басталып, Жеңістің 75 жылдығына орай жиналған мәліметтер бір жүйеге келтірілді.
Студенттер оқытушылары Айбек Шалғымбековпен бірге барлығы 40 ардагерді аралады. Жастар олардың өмірлері туралы егжей-тегжейлі біліп, ақпаратты Ардагерлер кеңесіне беріп отырған. Төтенше жағдай режиміне қарамастан студенттер жұмысты жалғастыруға ниет білдірді. Оларды ардагерлердің күннен-күнге азайып бара жатқандығы қынжылтады.
«Бізді қонақжайлылықпен қабылдаған және қойған сауалдарымызға шын көңілмен жауап берген ардагерлерге алғысымызды білдіреміз. Халық қаһармандарының көзін көрген біз бақыттымыз! Кездесулерден алған әсеріміз ұшан-теңіз, білгеніміз де аз емес»,-дейді А.Шалғымбеков.
ҚМУ студенттері тарихты тек кітаптан ғана оқымайды. Оқу бағдарламасы облыстың мұражайларына, ірі кәсіпорындарына баруды қамтиды. «Туған жер» бағдарламасының арқасында студенттер биыл Қазақстанның көптеген қасиетті жерлерін аралады.