IQostanay Smart орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік: ынтымақтастықтан нәтижеге дейін» халықаралық форумы өтті.
Ұйымдастырушы - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті
Баяндамалармен Департамент өкілдері, комплаенс-офицерлер, антикор волонтерлері, сондай-ақ шақырылған қонақ - заң ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры (Тамбов қ.) Руслан ПУЗИКОВ шықты.
Форумға Baitursynuly University комплаенс-офицері Дархан Белгібаев қатысты.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктіліктің артықшылықтары туралы айтып, ерікілердің жұмысына талдау жасады. Ең басты қорытынды - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын дәл осы бірлесіп қалыптастыруға болады.
Айта кету керек, Baitursynuly University-де бұл жүйе өткен жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулерге қатысады, қоғамдық бақылау жүзеге асырады және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.