Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында Baitursynuly University-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы: алғашқы кезеңнен күні бүгінге дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ҚӨУ-дің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге оқытушылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері мен студенттер қатысты.
ҚӨУ-дің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков құттықтау сөзінде ҚХА-ның 30 жыл ішінде қоғамдық келісім мен бірліктің негізіне айналғанын атап өтті. Ассамблеяның арқасында ел күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерден сәтті өтіп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыра алды.
ҚХА-ның тарихи кезеңдері, даму үрдістері мен болашақтағы перспективалары туралы өз баяндамаларында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова, ҚӨУ профессоры Қалқаман Жақып, ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры Денис Качеев және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Серікжан Исмаилов сөз сөйледі.