object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:38:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де АМЕРИКАЛЫҚ ҚОНАҚТАР

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне Америкалық жобалардың директоры, Аризона университеті президентінің кеңесшісі Хью Холлман, осы университеттің вице-президенті Дэниел Палм және «Catalina Global» аға кеңесшісі, профессор Харви Чарльз келді. Америка құрама штаттарынан арнайы келген әріптестерімізге университетіміздің ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу ғимараттарын көрсеттік. Сондай-ақ шетелдік қонақтар университет ғалымдарының еңбектерімен, жас ғалымдар мен білім алушылардың стартап-жобаларымен, ғылыми орталықтарда жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары мен оқу орнының әлеуетімен танысты.

Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын Қазақстанда ашу жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеген болатын. Американдық қонақтардың елімізге сапарының басты мақсаты да осы.

Кездесу барысында университеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Келіссөздердің нәтижесі жақын арада белгілі болады деген сенімдеміз.

Қабылдау комиссиясы