object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-22 02:08:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғалым, философ, профессор

Бүгін философия ғылымдарының докторы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Сафар ҚОЛДЫБАЕВ 75 жасқа толды.

Сафар Абдуғалиұлының есімі көпшілікке белгілі. Ғалым, философ қазақтардың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы туралы кітаптар басып шығарған. Барлығы 10 монографияның, 3 оқу құралының және 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.

Мерейтой иесін құттықтауға ұстаздары, ғалымдар Анна Клименко, Төлебай Нұртазенов және Иван Терновой келді. Сонымен қатар Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы құттықтауларын жолдады. Сафар Абдуғалиұлына шәкірттері, көп жылдан бері бірге қызмет етіп келе жатқан әріптестері де ақ тілектерін айтты.

ҚӨУ-нің құрметті профессорын көпшілік адал, әділ жан, ізденімпаз ғалым, шынайы философ ретінде біледі. Сафар Абдуғалиұлы қарапайым ұстаздан ректорға дейінгі кәсіби жолды еңсерді. Кейін кафедра меңгерушісі қызметінде бірнеше жыл еңбек етті, бас-аяғы университетте 25 жылдан астам уақыт жұмыс жасады. Бүгінде оқу орнының құрметті профессоры.

Тағы бір айта кетерлігі, Сафар Қолдыбаев ректор болған уақытта, ғалымның бастамасымен университетке ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының есімі берілді.

Ғалым өзінің еңбек жолын жастарға білім беріп, олардың ғылыми құзіреттілігін арттыруға арнады. Сафар Абдуғалиұлының ғылыми мектебінен көптеген жас ғалымдар мен философтар өтті.  

 

Қабылдау комиссиясы