Бүгінгі таңда, әлемді пандемия жайлап тұрған кезде денсаулықты сақтау бұрынғыдан да маңызды. Коронавируспен ауыратын науқастардың өсуін төмендету үшін көптеген күш-жігер жұмсалуда және түрлі шаралар жасалып жатыр, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуда.
Бірақ...
Адамдар үшін қатерлі туберкулез және АИТВ (ВИЧ)-инфекциясы сияқты қауіпті басқа да аурулар туралы ұмытпаңыз.Туберкулез бен АИТВ (ВИЧ)-инфекциясының алдын алу мақсатында Экономика және құқық институтының директораты алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығымен бірге институттың 1-4 курс студенттері арасында, сондай-ақ оқытушылары арасында сауалнама жүргізді. Барлығы 1200 студент, 150 оқытушы сауалнама сұрақтарына жауап берді.