object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:34:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Әл-Фараби мен Абай үндестігі

ҚМУ-нің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби мен Абай үндестігі» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Кездесудің негізгі спикерлері ретінде еліміздің жоғары оқу орындарының тарих, философия, мәдениеттану және т.б. салаларының жас ғалымдары қатысты. Атап өтетін болсақ:

- Рауан Байдалы, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы. Баяндама тақырыбы: «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы».

- Нұртас Смағұлов, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі. «Әбу Насыр әл-Фараби және Ақжан әл-Машани: тұлғалар феноменіндегі рухани сабақтастық» тақырыбында баяндама оқыды.

- Құралай Ермағамбетова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің философия кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы. Ол «Абай - ұлттық бренд» баяндамасымен Швеция елінен байланысқа шықты.

- Оралбай Қабул, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы. Оралбай Қабул «Әл-Фараби және Абай шығармаларындағы елдік ой сабақтастығы» төңірегінде ой қозғады.

- Еркін Рахметуллин, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Тарих және саясаттану оқу кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Баяндама тақырыбы: «Абай және Алаш».

Отандық гуманитарлық ғылымда Әл-Фараби дүниетанымы мен Абай көзқарасы, қос ғұламаның еңбектері көбінесе жеке салалар бойынша қарастырылып келсе, бүгінгі кездесуде спикерлер қос тұлғаның шығармашылығындағы үндестік тақырыбындағы ғылыми зерттеулерімен бөлісті. Құнды архивтік құжаттар мен ғылыми тұжырымдамалар қатысушылардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар студенттер Абай шығармаларынан үзінді оқыды.

Қабылдау комиссиясы