2024 жылғы 15-19 сәуір аралығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығының (САААЕ) сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс істеді. Аккредиттеу Кеңесі отырысының нәтижелері бойынша Baitursynuly University-дің 29 білім беру бағдарламасы 5 жылға, 4 білім беру бағдарламасы 7 жылға аккредиттелді.
2024 жылғы 22-27 сәуір аралығында университетте Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТР) сараптамалық комиссиялары жұмыс істеді. Аккредиттеу кеңесі Baitursynuly University-ді 5 жылға мамандандырылған және институционалдық аккредиттеу туралы шешім қабылдады.
Жоғары білікті сарапшылар білім беру бағдарламаларының сапасын, оқу ресурстарының қолжетімділігін, білім жетістіктерін бағалау әдістерін, біздің ЖОО аудиторияларының жабдықталуын зерделеді. Сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді. Бұл кездесулер стейкхолдерлердің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ беретін білімге қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
Университет ұжымын халықаралық аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз!