ҚӨУ институционалдық аккредиттеу кезеңін аяқтады. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылары білім беру бағдарламаларын, ақпараттық ресурстардың сапасын, оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас деңгейін сараптады.
Бүгінде мамандандырылған аккредиттеу бойынша сыртқы сараптама комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда.
Аккредиттеу кеңесі экономика және құқық, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық факультеттердің білім беру бағдарламаларын қарастыруды жоспарлап отыр.
Аккредиттеу нәтижелері АРТА аккредиттеу кеңесінің отырысында қорытындыланатын болады.
Аккредиттеу рәсімі үш кезеңді қамтитынын атап өту керек: өзін-өзі бағалау (ішкі бағалау), сараптамалық топтың сыртқы бағалауы және Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.