object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:19:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оқытушылардың... академиялық ұтқырлығы

Baitursynuly University оқытушылары Жеңіскүл Өтебаева мен Гүлнар Сейітова жаңа ғана Екатеринбургтен оралды. Олар 1-5 сәуір аралығында профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Урал мемлекеттік аграрлық университетінде болды. Экономика, қаржы және менеджмент институтының шақыруымен біздің ғалымдар дәрістер оқып, «Менеджмент» бағыты бойынша бакалавриаттың 1-3 курс студенттеріне «Экономикалық оқу тарихы», «Жобалық менеджмент негіздері», «Инновациялық менеджмент» және «Менеджмент» сияқты пәндер бойынша бірқатар практикалық сабақтар өткізді.

Сондай-ақ, университетте болған кезінде қостанайлық оқытушылар «Бизнес-идеяларды басқару негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы наурызда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Урал мемлекеттік аграрлық университеті арасында жоғары оқу орындарының білім беру, кәсіптік және қоғамдық қызметтегі өзара іс-қимылының негізгі бағыттары жазылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Басты тармақтардың бірі – мамандар мен профессор-оқытушылардың дәріс, семинар және практикалық сабақтар өткізу жөніндегі алмасуы, тараптардың ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуы болып табылады.

Қабылдау комиссиясы