Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жаңа оқу жылында жасалып жатқан алғашқы қайырымдылық шарасы. Әдетте мұндай іс-шаралар «Жылы жүрек» еріктілер клубының мұрындық болуымен жиі ұйымдастырылып тұратын. Осы жолы да елімізде орын алған жағдайға қарамастан кішкентай Сұлтанмұратқа көмек қолын созуға дайын жастар табылды. Институт студенттері өздері пісіріп әкелген тағамдарын сатып, аз да болса, шын ниетпен жинаған қаражаттарын Сұлтанмұрат Ташетовтың анасы Қаламқасқа табыстады.
Жәрмеңке санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай өткізілді.