object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 04:47:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қайта жүктеу процесі басталды ...

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Іргелі зерттеулер институтының директоры Әлімжан Бекмағамбетов Назарбаев Университеті мен Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің, сондай-ақ Аида Сағынтаеваның жетекшілігімен өткен «Мұғалімдердің білімін қайта жүктеу» атты вебинарға қатысты.

Бірінші спикер, Халықаралық бизнес университетінің (UIB) президенті, Қазақстандағы жоғары білім реформасы бойынша ұлттық топтың мүшесі Дархан Ахмед-Заки Big data білім беру жүйесінде қалай қолданылатыны туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының кеңесшісі, Жоғары білім реформасы бойынша ұлттық сарапшылар тобының мүшесі Амантай Нұрмағамбетов Еуропалық жоғары білім аймағымен салыстыру призмасы арқылы еуропалық, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, сертификаттау, өзін-өзі сертификаттау, реттелетін мамандықтар туралы баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары, Қазақстандағы жоғары білімді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобының мүшесі Бану Нарбекова қазіргі заманғы сын-қатерлер мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, кәсіби стандарттарды дамыту туралы айтты.

Вебинарды Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің деканы, Қазақстандағы жоғары білім реформасы сарапшыларының ұлттық тобының мүшесі Аида Сағынтаева аяқтады, ол еуропалық тәжірибе тұрғысынан педагогикалық университеттердің зерттеу құзыреттілігін дамытуға және 5.0 қоғамын құруға деген ұмтылысына назар аударды.

Қабылдау комиссиясы