object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 02:26:08.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ахаң жүріп өткен жолмен...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласында жасақталған «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экпедиция Қостанайға ат басын тіреді. Олар алдымен Әулиекөлге соғып, халық жанашырының халық жанашырының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Экспедиция құрамында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, алаштанушылар мен ахметтанушылар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері бар. Сапардың мақсаты – ұлт ұстазының өмірі мен қызметіне қатысты тың деректер іздестіріп, жинақтау. Экспедиция мүшелері Қостанайда, Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын біздің оқу ордамызда студенттермен, оқытушылармен, ғалымдармен кездесіп, ақпарат алмасты. Қонақтарды ҚӨУ-нің ректоры Сейтбек Қуанышбаев қарсы алды. Дөңгелек үстел барысында оқу орны басшысы университеттің атауындағы ов жалғауы Байтұрсынұлына өзгертілетінін айтты, қазір құжаттар рәсімделу үстінде.

Келесі аялдама – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты. Экспедицияның соңғы нүктесі - Ахаңның туған ауылы Ақкөл. Торғайда ғалымдар халықпен кездесіп, ұлт ұстазының мұрасын насихаттайды, жақында қайта салынған А.Байтұрсынұлының музей-үйіне бас сұғады. Экспедиция 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Экспедиция нәтижесі бойынша деректі фильм түсіріледі.

Қабылдау комиссиясы