Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтында Президент Жолдауы аясында «Аграрлық секторды дамытудың келешегі» тақырыбында семинар-пікірталас өтті. Оған институттың профессорлары мен оқытушылары, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
Спикерлер:
Серік Ақанұлы Жұмағұлов – «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС-нің аймақтық директоры;
Инна Михайловна Брел-Киселева – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, мал өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының меңгерушісі;
Гүлжанат Оралқызы Ермұхамбетова – «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС зертханасының меңгерушісі;
Нұрсұлтан Нұржанұлы Қабделов – Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының субсидиялау бөлімінің басшысы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында экономиканы дамыту мәселелерімен қатар ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Аграрлық секторды дамыту үшін өнім көлемін арттырудың стратегиялық міндетін шешу керек.
Семинарға қатысушылар астық сапасының проблемалары мен оны жақсартудың жолдары, ауыл шаруашылығындағы жаңа әдістер мен технологиялар туралы айтты. Мысалы, Мемлекет басшысының Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын бір жолға қою мақсатында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажеттігі ерекше атап өтілген. Сонымен қатар, спикерлерлердің айтуынша, ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру бойынша пилоттық жобаны кеңейту үшін жоба қатысушыларын іріктеу жұмыстары жүргізілуде, негізгі мақсат - жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жаппай жұмыспен қамту.
Семинарға қатысушылар маңызды саяси мәселелерді түсіндіру үшін кездесулер өткізудің қажеттілігі мен маңыздылығы жоғары екенін айтты.