object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 17:17:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

АДАМГЕРШІЛІКТІ АР ТҰТҚАН АҚЫН

Бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің базасында «Танымал тұлғалармен кездесу» бағдарламасы аясында, «Адамгершілікті  ар тұтқан ақын» тақырыбында белгілі ақын, Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ыбырайтанушы Серікбай  Оспанұлының студенттермен кездесуі өтті.

Серікбай Оспанұлы 1945 жылы Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданының Шилi кеңшарында, Балдай қоныс орнында дүниеге келген. 1963 жылы Қамысты ауданындағы Бестау орта мектебiн бiтiргеннен кейiн өзi туып-өскен Шилi кеңшарындағы 8 жылдық мектепте аға пионервожатый болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы қазiргi әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дiң журналистика факультетiн бiтiрiп, республикалық радиода редактор (1968-1978), «Жалын» баспасының поэзия редакциясының меңгерушiсi (1978-1996) қызметтерiн атқарады. 1997 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттiк университетiнде, 2005 жылдан бері Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі  әрі І. Омаров атындағы қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Мектепте оқып жүріп-ақ өлең шумақтарын жаза бастаған Серікбай Оспанов, екi жүзден аса ән мәтiндерiнiң, отыздан астам әндердің авторы болып табылады.

Кездесу барысында ақын өзінің өлең шумақтарын оқи отырып, әрбір шығармасының мағынасын түсіндіруге тырысты. Басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, өмірінің ерекше сәттерін еске алды.

Студенттер де дайындап әкелген, ақынның өлең шумақтарын жатқа айтты. Сонымен қатар, қазақ еліне белгілі «Мұз Арт» тобының орындауындағы Серікбай Оспанов сөзiн жазған «Сағындым Алматымды» әні шырқалды.

Ешкім біле бермейтін домбыра, бесік, астау жасау, сурет салу сияқты қырларының бар екенімен бөлісіп, ақын жиналғандарды таңқалдырды.

Абай атамыз қалаған «жылы  жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл» үш қасиетті бойына сіңірген Серікбай Оспанұлымен кездесу студенттерімізге ой салып, жүректеріне жылулық ұялатқан ерекше күн болды. Соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, қонақпен естелік сурет жасады.

 

Қабылдау комиссиясы