object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 02:20:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де АРТА-ның сыртқы сараптама комиссиясы

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де АРТА-ның сыртқы сараптама комиссиясы 26-28 қазан аралығында мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (АРТА) сарапшыларының сыртқы аудиті өтеді. П.Чужунов атындағы экономика және құқық институтының білім беру бағдарламаларының (экономика бағыты бойынша) сапасы қаралады.
Аккредиттеу барысы жалпы үш кезеңді қамтиды: өзін-өзі бағалау (ішкі бағалау), сарапшылар тобының сыртқы бағасы және аккредиттеу кеңесінің шешімдері. Біз бірінші кезеңінен өттік. Ол білім беру бағдарламалары бойынша өзін-өзі бағалау есебін дайындаудан тұрды.
ЕЭК сапары дәстүрлі емес форматта, ZOOM платформасында on-line форматында, барлық санитарлық талаптарға сай өтеді.
Бүгін, 26 қазан – АРТА сарапшыларының бірінші жұмыс күні. Сыртқы сараптау комиссиясы (ЕЭК) білім беру жүйесінің жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшыларынан, жұмыс берушілердің өкілдерінен және студент жастарынан құралған. Комиссияны К.Л. Хетагуров атындағы Солтүстік Осетия мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Светлана Сергеевна Галазова басқарады.
Алғашқы күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректорымен, проректорларымен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізіліп, онда кафедралардың жалпылама, университеттің жұмысы туралы талқыланды. Сондай-ақ, ЕЭК мүшелеріне аккредиттелген білім беру бағдарламалары бойынша университеттің материалдық базасы туралы бейнероликтер ұсынылды. Ал, түстен кейін директормен, ҚБ басшыларымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен сұхбаттар өткізілді.

Қабылдау комиссиясы