object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 18:08:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Психикалық жағдай – денсаулықтың маңызды компоненті

«Психикалық-психологиялық денсаулық - қазіргі заманғы шындық, оны сақтау және жақсарту жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелді психология-педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы Олеся Елчищева өткізді.

Психикалық денсаулық – денсаулықтың ажырамас және маңызды бөлігі. Бұл адам өзінің қабілеттерін сезінетін, өмірдің күйзелісіне төтеп бере алатын, еңбек өнімділігін арттыра алатын және өз қоғамына өз үлесін қосатын әл-ауқат күйі. Мұндай жағымды сезімдерге бағытталған психикалық денсаулық - адамның жеке әл-ауқаты мен қауымдастықтағы тиімді қызмет етуінің негізі. Онлайн режимде психологияның маңызды мәселелерін талқылауға қатысқан психикалық денсаулықты сақтау және нығайту саласындағы жоғары деңгейлі мамандар: Галина Ислямова - Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық қызметінің бастығы (Қостанай), Марат Гусманов - халықаралық деңгейдегі тәжірибелі психолог, Workplaceoption (АҚШ) және Shepellfgi (Канада), (Нұр-Сұлтан) сақтандыру компанияларының Қазақстандағы провайдері; Гүлмира Курасова – клиникалық психолог, «Синяя птица» ерекше балаларға арналған театрының жетекшісі, сарапшы (Коркино, Челябі облысы, Ресей).

Екі сағат бойы мамандар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті: олар қызметтері барысында туындаған қызықты жағдайлар жайында айтты, студенттерге психологияның түрлі салаларын зерттеуге қатысты және психикалық, психологиялық денсаулықтарына мұқият болу туралы ұсыныстарын берді. Дөңгелек үстел тақырыбы университеттің психология және педагогика кафедрасының студенттері мен оқытушыларынан бөлек, оқу ордамыздың басқа да оқытушыларының қызығушылығын тудырды. 100-ден астам қатысушылар мамандарды мұқият тыңдады, сұрақтар қойды.

Қабылдау комиссиясы