object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 14:20:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

BAITURSYNULY University-дің 70 студенті «Қазақстан халқына» грантының иегерлері атанды

Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері «Қазақстан халқына» грантының иегерлері атанған BAITURSYNULY UNIVERSITY студенттерімен кездесті.

Солардың бірі-Диас Қалдыбай, ол «тарих» БББ-ның 1 курс студенті. Диас Жангелдин ауданының Аралбай шағын ауылында көпбалалы отбасында өскен. Диас үшін грант алу үлкен көмек, өйткені отбасында алты бала бар және ата-анасының оны университетте оқытуға қаржылық мүмкіндігі жоқ.

Қордың арқасында Диас-BAITURSYNULY UNIVERSITY студенті атанды. Болашақта тарихшы болуды, қазба жұмыстарын жүргізуді және өзі туып-өскен Торғайдың тарихын зерттеуді армандайды.

Қазіргі уақытта BAITURSYNULY UNIVERSITY-де 70 студент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беру гранттары бағдарламасы бойынша білім алуда. Олардың көпшілігі педагогикалық мамандықтардың студенттері, алайда арасында болашақ заңгерлер, экономистер, бағдарламашылар да бар. Айта кету керек, барлық білім беру гранттары бүкіл оқу кезеңіне беріледі, сонымен қатар олар ай сайынғы стипендия алады. Гранттың артықшылықтарының бірі-оны пысықтаудың қажеті жоқ.

Қордың басқарушы директоры София Айсағалиева өзінің құттықтау сөзінде ЖОО басшылығына ынтымақтастық үшін алғыс айтып, студенттер мен оқытушыларды қайырымдылық бағдарламасын іске асыру қорытындыларымен және Қордың қызметімен таныстырды.

Ректор Сейтбек Қуанышбаев пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали өз құттықтауларын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Қабылдау комиссиясы