object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 02:20:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Болашақ журналистер пәндік олимпиадана жүлделі оралды!

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері 16-17 наурызда Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирель атындағы қазақ-түрік университетінде өткен пәндік олимпиададан жүлделі оралды, 17 университеттің студенттері қатысқан додада 3-орынды жеңіп алды. XV Республикалық пәндік олимпиадаға «6В032 - Журналистика және ақпарат» ББ бойынша қазақ бөлімдерінің студенттері қатысты.

Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар фактчекинг, этика, БАҚ және заң тақырыптарында түрлі кейстерді шешуі қажет болды. Бұл кезеңде Сымбат Асқарова команда намысын қорғады.  

Екінші кезеңнің ережесі бойынша студенттерге 3 түрлі ақпарат берілді. Берілген ақпарат бойынша сайыскерлер журналистік мәтін жазуы қажет еді. Бұл кезеңде де ҚӨУ-нің студенттері Рахат Сейтқан мен Карагөз Макатова үздік нәтиже көрсетті.

Үшінші кезеңнің тапсырмасы бойынша «Жастар құқығы» тақырыбында видеосторителлинг түсіру керек болды. Біздің команда жұмыс істеп жүрген жастардың құқығы туралы мәселе көтерді. Бұл кезеңде команданың тек көтерген мәселені аша білгені ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың монтаж жасау шеберлігі, жұмыс жасау жылдамдығы да ескерілді. Команданың осы кезеңдегі жұмысы да жоғары бағаға ие болды.

Асхат Еркімбай, Жұлдыз Әбділда, Есенгүл Кәпқызы сынды белгілі журналистер, медиатренерлер жарысқа қазылық етіп, команда жетекшілеріне шеберлік-сыныбын өткізді.

ҚӨУ-дің болашақ журналистері осы байқауға қатысып тәжірибе жинады, өзге жоғарғы оқу орындарының студенттерімен тәжірибе алмасты. Осы жолғы олимпиаданың бір ерекшелігі – жарыс аяқталған соң, әр командаға фидбектер жіберіліп отырды. Сол себептен команда мүшелері өздерінің жіберген кемшіліктері мен үздік тұстарын біліп отырды. Ахаң атындағы қара шаңырақтың намысын қорғаған топқа аға оқытушы Гүлшат Маркабаева жетекшілік етті.

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Асар асуларыңыз көп болсын!

Қабылдау комиссиясы