Мұратқызы Мира, филология магистрі

Тағылымдама бағыты: Филология

Шетелдік ұйымның атауы: Эге университеті (Измир қ., Түркия)

Ғылыми тағылымдама тақырыбы: Түркі халықтарының отбасылық-ғұрыптық фольклоры: дәстүрлі образдардың лингвистикалық репрезентациясы

Тағылымдамадан өту мерзімі: 01.04.2024–30.06.2024 ж. 

  • 2024 жылғы 13–15 сәуір аралығында Эге университеті ұйымдастырған «Түркі әлемінің жастары» семинарына қатысып, сертификат алды.
  • 2024 жылғы 16 сәуірде Эге университетінің филология факультетінде «Қорқыт ата мұрасы» конференциясы өтті. Баяндамашы: профессор, ф.ғ.д. Метин Экичи.
  • 2024 жылғы 24 сәуірде «Мәдени мұра» пәні аясында Измир қаласындағы OBA YÖRÜK түрікмен мәдени орталығы мен Назаркөй ауданындағы «Алаш» қазақ этноауылында фольклорлық экспедицияға қатысты.
  • 2024 жылғы 25 сәуірде Джалал Баяр университетінде (Маниса қ.) өткен «Түркі әлеміндегі Қорқыт ата зерттеулері» семинарына қатысты. Профессор Гюрёль Пехливан.
  • 2024 жылғы 2 мамырда «Қазіргі медицина және ұлттық сенімдер мен халық еміне байланысты емдеу» симпозиумына қатысты. Баяндамашы: проф. Ибрахим Эрен Акчичек, модератор: ф.ғ.д. Нагихан Байсал Уардакул.
  • 2024 жылғы 3 мамырда «Қорқыт ата және түрік мәдениеті» атты әдеби семинарға қатысты.
  • 2024 жылғы 3–4 мамырда «Жібек жолындағы тіл, әдебиет, аударма, туризм және мәдени мұраны оқытудағы инновациялық тәсілдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, ғылыми мақала жариялады (Измир – Самарқанд).
  • 2024 жылғы 10 мамырда Anadolu Mektebi YouTube-арнасында өткен профессор Метин Экичидің «Қорқыт ата оқулары» онлайн-семинарына қатысты.
  • 2024 жылғы 13 мамырда «Отбасылық-ғұрыптық фольклор: қазақ халқының туу және неке салттары» тақырыбындағы семинарды Алтыбаева А.Б.-мен бірлесіп өткізді.
  • 2024 жылғы 15 мамырда Эфес антикалық музейінде фольклорлық экспедицияға қатысты.
  • 2024 жылғы 21 мамырда «Шуша қаласы және ислам әлемі» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
  • 2024 жылғы 22 мамырда Измир қаласының Менемен ауданында фольклорлық экспедицияға қатысты.
  • 2024 жылғы 22 мамырда «Әлем және киелі орындар туралы мифология» семинарына қатысты. Баяндамашы: проф. Озгюр Табуроглы, модератор: проф. Эги Метин Басат.
  • 2024 жылғы 29 мамырда Айдын провинциясы, Кушадасы тарихи-мәдени аймағында фольклорлық экспедицияға қатысты.

Қазақстан Республикасында тағылымдама нәтижелерін енгізу

  • Профессор Метин Экичимен бірлесіп Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін басылымдарға ғылыми мақалалар дайындау жұмыстары жүргізілді.
  • Профессор Метин Екичимен бірлескен ғылыми мақала Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Филология» сериясындағы журналында (№1, 2025) жарияланды.
  • Профессор Пынар Федакармен бірлескен ғылыми мақала КОКСОН ұсынған 3i: Intellect, Idea, Innovation журналында (№2, 2024) жарияланды.
  • «ИННОВА-2024: Қазақстан Республикасындағы жоғары білім берудің басым бағыттары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысып, ғылыми мақала жариялады.
  • Профессор Мувафак Дуранлымен бірлескен ғылыми мақала «Жібек жолындағы инновациялық тәсілдер» халықаралық конференциясы аясында жарияланды (Измир – Самарқанд).
  • Шетелдік ғалымдар ҚР ҒЖБМ «Білім беру процесіне шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасына қатысуға шақырылды; 2024–2025, 2025–2026 оқу жылдарына профессорлар Мувафак Дуранлы мен Пынар Федакардың сапары жоспарланды.
  • 2024 жылғы қазан айына жоспарланған «Түркі әлемінің эпостары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бағдарламасы Эге университеті, Түркі әлемін зерттеу институты және Қостанай өңірлік университеті бірлесіп әзірледі.
  • Эге университеті мен Қостанай өңірлік университеті арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қабылдау комиссиясы