2024 КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
Жарияланды:
20 мамыр 2024
оқу 3 мин
558
Құрметті білім алушылар, 2024 жылдың 18 маусымына дейін2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми - зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Үміткер тізбеге сәйкес құжаттар пакетін институт директорының / деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады. Директордың/деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үміткерлердің құжаттарын талаптарға сәйкестігін тексереді және 2024 жылғы 19 маусымда Комиссия хатшысына табыс етеді;
Комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысына ұсынады.
Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар.
Ғылыми кеңес әр үміткерге жеке-жеке, Президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Стипендияны тағайындау ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Басқарма Төрағасы –ректорының атына ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға білім алушының өтініші, (қазақ тіліндегі шаблон, орыс тіліндегі шаблон). Файл атауы: Тегі_өтініш.doc;
Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (оның ішінде 2023-2024 ж.ж. жазғы сессиясының барлық емтихандарының нәтижелері). Платонус арқылы жеке кабинетте транскриптке тапсырыс беріңіз. Файл атауы: Тегі_удостоверение.doc
Үміткердің 2023 жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және т. б.). Әр құжат жеке файлға сканерленеді: Тегі_Құжаттың атауы. Растайтын құжаттары бар барлық файлдар Фамилия_ Жеке жетістіктер папкасына жиналады.
Өтініш, куәлік, транскрипт сканері бар файлдар және жеке жетістіктері бар папка папкаға жиналады: Папка атауы: Үміткердің Тегі, Аты, Әкесінің Аты
Үміткердің құжаттары бар қалта үлгісі:
Құжаттарды институт директорының / факультет деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 2024 жылғы 18 маусымға дейін қабылдайды
Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:
Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты– 8 708 890 81 78, Есетаева Айгуль Мухаметкалиевна
Экономика және құқық факультеті – 8 701 489 50 76, Алдабергенова Айгуль Ибрахимовна
Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті – 8 778 378 92 20, Есімханов Қуанышбай Даубайұлы
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті – 8 777 412 00 59, Көбжасаров Төлеген Жұмашкенұлы
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті – 8 747 697 52 37 Жусупов Руслан Батырханович