object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-30 22:05:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

2023 күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығында қр президентінің стипендиясын алуға конкурс жарияланады

Құрметті білім алушылар, 2023 жылдың 26 маусымына дейін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

 Президенттік стипендияны тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияны тағайындау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

 Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
  2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

              1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

              2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

              3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми - зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

              4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

 Үміткердің 2022-2023 оқу жылындағы, құжаттармен расталған жетістіктері ескеріледі.

 Үміткерлерді іріктеу тәртібі:

  1. Үміткер тізбеге сәйкес құжаттар пакетін институт директорының тәрбие ici жөніндегі орынбасарына 26 маусымға дейін тапсырады. Директордың тәрбие ici жөніндегі орынбасары үміткерлердің құжаттарын тексереді және оларды Комиссия хатшысына береді;
  2. Комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысына ұсынады.

Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:

  1. Ғылыми кеңес әр үміткерге жеке-жеке, Президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  2. Стипендияны тағайындау ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

 Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Басқарма Төрағасы –ректорының атына ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға білім алушының өтініші (қағаз және сканерлеу)
  2. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қағаз және сканерлеу).
  3. Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (Платонус арқылы жеке кабинетте тапсырыс бересіз).
  4. Үміткердің 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және т. б.). (қағаз және сканерлеу).

Өтініш (қазақ тіліндегі шаблон) , Өтініш  (Орыс тіліндегі шаблон).

Құжаттарды институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 2023 жылғы 26 маусымға дейін қабылдайды

 Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Қабылдау комиссиясы