2025 күнтізбелік жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Президентінің стипендиясын алуға конкурс жарияланады
Жарияланды:
19 Желтоқсан 2024
оқу 4 мин
266
Құрметті білім алушылар, 2024 жылдың 03қаңтарына дейін2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Стипендия санын ЖЖОКБҰ арасында бөлу Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-дағы күндізгі оқу нысаны бойынша студенттер мен магистранттар контингентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Күндізгі оқыту нысаны бойынша студенттер мен магистранттар контингенті кемінде 700 адам болатын ЖЖОКБҰ-ларға стипендия бөлу жүзеге асырылмайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми - зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Үміткер растайтын құжаттардың сканерлерін Платонус жүйесіне жүктейді, сондай-ақ растайтын құжаттардың электрондық пакетін (сапалы сканерлер) институт деканының тәрбие работе жөніндегі орынбасарына тапсырады Платонус жүйесіне құжаттарды жүктемеген үміткер конкурсқа жіберілмейді
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үміткерлердің құжаттарын талаптарға сәйкестігін тексереді және 2024 жылғы 03 қаңтарда Комиссия хатшысына табыс етеді;
Комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысына ұсынады.
Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:
ең үлкен интегралды GPA бар үміткерлер (2024-2025 ж.ж. 1 жартыжылдық);
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар.
Ғылыми кеңес әр үміткерге жеке-жеке, Президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Стипендияны тағайындау ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Басқарма Төрағасы –ректорының атына ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға білім алушының өтініші, (қазақ тіліндегі шаблон, орыс тіліндегі шаблон). Файл атауы: Тегі_өтініш.doc;
Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (оның ішінде 2024-2025 ж.ж. қысқы сессиясының барлық емтихандарының нәтижелері). Платонус арқылы жеке кабинетте транскриптке тапсырыс беріңіз. Файл атауы: Тегі_удостоверение.doc
Үміткердің 2024 жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың сканерлері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және т. б.). Әр құжат жеке файлға сканерленеді: Тегі_Құжаттың атауы. Растайтын құжаттары бар барлық файлдар Фамилия_ Жеке жетістіктер папкасына жиналады.
Өтініш, куәлік, транскрипт сканері бар файлдар және жеке жетістіктері бар папка папкаға жиналады: Папка атауы: Үміткердің Тегі, Аты, Әкесінің Аты
Үміткердің құжаттары бар электрондық папканың үлгісі:
Құжаттарды институт директорының / факультет деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 2025 жылғы 03 қаңтарға ақпанға дейін қабылдайды
Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:
Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты – 8 708 890 81 78, Есетаева Айгуль Мухаметкалиевна
Экономика және құқық факультеті – 8 701 489 50 76, Алдабергенова Айгуль Ибрахимовна
Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті – 8 778 378 92 20, Есімханов Қуанышбай Дауылбайұлы
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті – 8 777 412 00 59, Көбжасаров Төлеген Жұмашкенұлы
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті – 8 707 423 0442, Ермагамбнтова Айгуль Орашевна
Платонус жүйесіне растайтын құжаттарды жүктеу бойынша кеңестер: