object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 20:37:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы

Құрметті білім алушылар 2022 жылдың 23 маусымынан 04 шілдесіне дейін 2021-2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсына құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін грантын беру қағидаларының 24-тармағына сәйкес өткізіледі.

Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А – ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А – ("өте жақсы"),  В+, В, В -; С + ("жақсы"), бұдан әрі – барлық оқу кезеңіндегі аралас бағалар.

Өтініштер мен құжаттар қағаз және электрондық түрде (сканер) беріледі. Электрондық түрде барлық сканерлер папкада сақталады. Папка бос грантқа үміткердің тегімен белгіленеді.

Құжаттарды қағаз және электронды түрде институт директоры оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1. Басқарма Төрағасы – ЖОО ректорының атына бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы білім алушының өтініші. Өтініш мәтінінде GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі орыс тілінде (жүктеу).

2. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3. Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (Платонус арқылы жеке кабинетте тапсырыс бересіз).

Бос гранттар бойынша ақпарат

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты – 8 (7142) 54-13-16

В. Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институты – 8 (7142) 55-84-67

А. Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институты – 8 (7142) 55-84-54

П. Чужинов атындағы экономика және құқық институты – 8 (7142) 51-11-58

Қабылдау комиссиясы