Құрметті студенттер мен магистранттар Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады
Жарияланды:
19 мамыр 2025
оқу 2 мин
38
Құрметті білім алушылар 2025 жылғы 20 маусымға дейін 2024-2025 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі.
GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А – ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте А, А – ("өте жақсы") бастап В+, В, В–; С + ("жақсы"), бұдан әрі бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалау.
Өтініштер мен құжаттар қағаз және электрондық түрде (сканер) беріледі. Электрондық түрде барлық сканерленген құжаттар папкада сақталады, папканың аты -бос грантқа үміткердің Тегімен белгіленеді.
Құжаттарды қағаз және электронды түрде институттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қабылдайды.
Басқарма Төрағасы – ЖОО ректорының атына бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы білім алушының өтініші. Өтініш мәтінінде GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім көрсетілуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);
Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі орыс тілінде (жүктеу).
Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Бүкіл оқу кезеңіндегі Транскрипт (жазғы сессия емтихандарын аяқтағаннан кейін Платонустың жеке кабинеті арқылы тапсырыс беріңіз)
Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:
Педагогикалық институты – 8 (7142) 54-58-74 (ішкі 156), Ляззат Кабдулмановна
Экономика және құқық факультетi - 8 (7142) 51-11-58, 1б корпус, 313 каб., Асель Бахитжановна
Машина жасау, энергетика және АТ факультеті– 8 (7142) 55-84-54, 3 корпус, каб.326/2, 324/3 (Махамбетова гульшат Ибгахимовна), 8 (7142) 55-84-54
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті– 2 карпус, 412 каб., Батырбеков Нурлыбек Асылбекович,8 (7142) 55-84-67
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті-8 (7142) 51-11-53, Сулейменова Саулет Ескендировна