Құрметті студенттер мен магистранттар Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады

Құрметті студенттер мен магистранттар Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады

Құрметті білім алушылар 2026 жылғы 19 ақпаңға 2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тізімі бойынша қосымша).

Конкурс Қазақстан Республикасының барлық үміткерлері арасында GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А – ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте А, А – ("өте жақсы") бастап В+, В, В–; С + ("жақсы"), бұдан әрі  бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалау.

Өтініштер мен құжаттар қағаз және электрондық түрде (сканер) беріледі. Электрондық түрде барлық сканерленген құжаттар папкада сақталады, папканың аты  -бос грантқа үміткердің Тегімен белгіленеді.

Құжаттарды қағаз және электронды түрде институттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қабылдайды.

Список высвободившихся грантов в первом полугодии 2025-2026 учебного года (сілтеме арқылы өту: Бакалавриат, Магистратура)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  2. Білім алушының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің атына өтініші.. Өтініш мәтінінде GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі орыс тілінде (жүктеу).

  1. Бүкіл оқу кезеңіндегі Транскрипт (қысқы сессия емтихандарын аяқтағаннан кейін Платонустың жеке кабинеті арқылы тапсырыс беріңіз)
  2. Сертификат ҰБТ (магистратура – сертификат КТ)

Назар аударыңыз! Электрондық түрде құжаттардың барлық сканерлері бір файлда болуы керек .pdf келесі тәртіпте: жеке куәлік өтініш транскрипт ҰБТ сертификаты.

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Қабылдау комиссиясы