Өмірбаяны
1974 жылы 26 маусымда Қостанай облысы, Новоселовка ауылында дүниеге келген.
Білім беру
- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (1997), тарих пәнінің оқытушысы.
Жұмыс тәжірибесі
- Комбайнердің көмекшісі (1991);
- "Аракс" АОЗТ шебері (1997-1998);
- Жітіқара ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, бастығы (1999-2002);
- Қостанай облысы әкімі аппаратының бас маманы (2002-2005);
- Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары (2005-2008);
- Қостанай қаласы әкімінің орынбасары (2008-2010);
- Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (06.2010-09.2011);
- Қостанай облысы облыстық білім басқармасының бастығы (09.2011-02.2013);
- Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімі (02.2013-09.2015);
- Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (09.2015-09.20);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (09.20-03.2022);
- Қостанай қаласының әкімі (03.2022 бастап).