Өмірбаяны
Смышляева Екатерина Васильевна 1982 жылы 8 ақпанда Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген.
Білім беру
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Химия"мамандығын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
- Мансабын 2003 жылы бастаған. Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ химия пәнінің оқытушысы болып бастаған.
- 2003 жылдан 2008 жылға дейін Аграрлық-биологиялық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, директордың орынбасары, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, «Қостанай облысының ішкі саясат басқармасында» жастармен жұмыс жасау бөлімінде еңбек етті.
- 2008-2013 жылдары Қостанай облысындағы "Жас Отан" республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы, төрағасы, "Жас Отан"қорының директоры болды.
- 2013-2015 жылдары-Қостанай перинаталдық орталығының маркетинг және кадрлар жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары.
- 2016 жылдан 2021 жылға дейін – "Қостанай облысының Кәсіподақ Орталығы" аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы.
- 2012 жылдан 2021 жылға дейін - Қостанай облыстық мәслихатының V-VI шақырылымының депутаты, Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттағы "АМАНАТ" партиясы фракциясының басшысы.
- 2021-2023 жылдары - "АМАНАТ" партиясынан партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "АМАНАТ" партиясының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің 8-шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің хатшысы.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар
- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен,
- "Белсенді қызметі үшін" партиялық медалімен,
- "Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін" кәсіподақ сыйлығымен марапатталған.