Өмірбаяны
Ол Қостанай облысы Ленин ауданының К.Маркс атындағы кентінде дүниеге келген.
Білім беру
- Сайран Буканов 1973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институты Қостанай филиалының агроном мамандығын бітірді.
Жұмыс тәжірибесі
- Әскер қызметін өтеген соң Сайран Буканов "Теңіз" шаруашылығында агроном болып еңбек етті.
- 1976-1980 жылдары Сайран Буканов "Аксуатский" откормсовхозында бас агроном болып жұмыс істеді.
- 1982-1984 жж. " Аксуатский " кәсіпорнын басқарды.
- 1984 жылдан бастап Сайран Буканов "Харьковский" астық кеңшарының директоры болып ауыстырылды, ол "Қаркен" ЖШС болып қайта құрылды.
Марапаттар
- "Қазақстанның еңбек қаһарманы" атағы Алтын жұлдыз айрықша белгісі мен Отан орденімен марапатталды (2009 ж.);
- Құрмет ордені (1999 ж.);
- "Тыңға 50 жыл" мерейтойлық медалі;
- "Парыз"республикалық байқауының лауреаты;
- "Атамекен" Одағы " Ұлттық экономикалық палатасының алтын медалі;
- Қостанай облысының Құрметті азаматы (15 Тамыз 2014 ж.);
- Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы.