Туған күні: 10.02.1951 ж.
Туған жері: ҚазКСР; Қостанай облысы; Амангелді ауданы; Амангелді ауылы.
Білім беру
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты (1972), Француз тілі мұғалімі;
- Алма-Ата жоғары партия мектебі (1979-1981), Саясаттанушы;
- Тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Алма Оразбаева: оның революциялық мұрасы", (1999).
Жұмыс тәжірибесі
- Жетігара қаласы орта мектебінің мұғалімі (1972);
- Қазақстан ЛКЖО Жетіқара қалалық комитетінің хатшысы, нұсқаушы, Қазақстан ЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі (1975-1979);
- Қарасу аудандық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары (1981);
- ҚКП Қостанай облыстық комитетінің Федоров аудандық комитетінің хатшысы (1982);
- Қостанай облыстық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары (1983-1987);
- ҚКП Қостанай облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы (1987-1991);
- Қостанай облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1991);
- Қостанай облысы әкімшілігі Басшысының орынбасары (1992-1995)
- Қостанай облысы білім департаментінің директоры (1995-1998);
- Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы (09.1998-03.2002);
- Қостанай облысы әкімінің орынбасары (03.2002-09.2004).
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық
- Қостанай облысының № 46 сайлау округінен 3-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің халық және даму жөніндегі "Отбасы" депутаттық тобының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасы арасындағы Палатааралық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Парламентаралық Одақтың әйел парламентшілерінің Үйлестіру кеңесінің мүшесі (19.09.2004-20.06.2007);
- "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығының кандидаты (12.07.2007), IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (27.08.2007-11.2011), Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (08.2007-11.2011).
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар
- "Құрмет" ордені (12.2007);
- Медальдар;
- "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" белгісі (1998);
- Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері;
- ТМД ПАА құрмет грамотасы (2011).