object(DateTime)#1003 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-22 10:16:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Аккужина Бибигуль Беркутовна

Өмірбаяны

1971 жылы 20 қаңтарда Қостанай облысы Урицкий ауданы Қара-Оба кентінде дүниеге келген.Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Білім беру

  • 1997 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

  • Еңбек жолын 1988 жылы Қостанай қалалық ауруханасының санитарлық қызметкері ретінде бастаған.
  • 1997-2000 жж. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жалпы және арнайы психология кафедрасының оқытушысы.
  • 2000-2002 жж. "Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" ММ жетекші, бас маманы.
  • 2002-2016 жж."Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы"ММ бөлім бастығы, басшысының орынбасары.
  • 2016-2017 жж. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2017-2021 жж.Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы.
  • 2021-2022 жж."AMANAT" партиясы Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы.
  • 2022-2023 жж. "AMANAT" партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы.
  • 2023 жылғы желтоқсаннан бастап сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпорын жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

Марапатталды

  • 2015 жыл "ҚР Конституциясына 20 жыл"мерейтойлық медалі;
  • 2019 жыл"Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл"мерейтойлық медалі;
  • 2019 жыл "Бірлік" алтын медалі;
  • 2020 жыл "ҚР Конституциясына 25 жыл"мерейтойлық медалі;
  • 2020 жыл "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл"мерейтойлық медалі;
  • 2022 жыл "Белсенді қызметі үшін" партиялық медалі.
Қабылдау комиссиясы