Қосдипломды білім беру

Қосдипломды білім беру – бұл екі (немесе одан да көп) жоғары оқу орнында бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша параллель оқып, кейін осы оқу орындарының дипломдарын алу мүмкіндігі. Бұл – бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, кәсіби өрісті кеңейтуге және шетелде оқу мен өмір сүру тәжірибесін алуға арналған бірегей мүмкіндік. Оқыту жетекші шетелдік серіктес университеттермен жасалған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ: ҚОСДИПЛОМ – КӨБІРЕК МҮМКІНДІКТЕР
Қосдипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтары:
- халықаралық деңгейде оқу және коммуникация тәжірибесі;
- қарқынды тілдік дайындық;
- университетті аяқтағаннан кейін еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері;
- серіктес-ЖОО-ның жетекші оқытушыларынан озық білім алу;
- бір оқу кезеңінде екі дипломға ие болу;
- келесі білім деңгейіне шетелдік оқу орындарына түсу кезінде артықшылықтарға ие болу.
ҚӨУ-дағы қосдипломды бағдарламалар
|
Бакалавриат |
|
| Бағдарлама | ЖОО-серіктес |
| 6В04103 Есеп және аудит | Ұлы Витаут Университеті (Литва) |
| 6В05101 Биология | |
| 6В05201 Экология | |
| 6В06104 Computer science |
|
| 6В07105 Машина жасау |
Қазан федералды университеті, Набережночелнинск институты (Ресей) |
| 6В07106 Автомобиль өнеркәсібінің инженериясы |
|
|
Магистратура |
|
| Бағдарлама | ЖОО-серіктес |
| 7М04102 Менеджмент |
|
| 7М05101 Биология |
|
| 7М08101 Агрономия |
|
Қосдипломды бағдарламасының нәтижелері
Қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өткен студенттер қазақстандық және шетелдік диплом алады (ҚӨУ + серіктес- ЖОО).
Пікірлер

«Есеп және аудит» ББ, Витаутас Великий Литва университетіндегі қосдипломды бағдарламасы

«Есеп және аудит» ББ, Витаутас Великий Литва университетіндегі қосдипломды бағдарламасы

"Машина жасау" ББ, Dong-Eui University (Оңтүстік Корея) академиялық ұтқырлық









