Практикалық психология орталығы ай сайын студент жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Бүгін де біз Аударма ісі білім беру беғдарламасының 1 курс студенттерімен кезекті сабақты өткіздік.
Интерактивті дәрістің тақырыбы «Нашақорлық және психикалық денсаулық», оның барысында нашақорлықтың себептері, алдын алу және емдеу жолдары қарастырылып, талқыланды, студенттерге нашақорлықпен ауыру арқылы адам нені құрбан ететінін сезінуге мүмкіндік беретін психологиялық жаттығулар өткізілді және студенттер өздеріне белгілі бір қорытынды жасады.