object(DateTime)#1023 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-23 21:37:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Өмірлік қиындықтар және оларды сәтті жеңу

8 сәуірде Практикалық психология орталығында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бағдарламасының 1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің тақырыбы психикалық денсаулық мәселелеріне арналған. Кездесу барысында студенттермен келесі маңызды сұрақтар талқыланды: әртүрлі өмірлік жағдайлар біздің эмоцияларымыз бен көңіл-күйіміз арқылы мінез-құлқымызға қалай әсер етеді? Біздің көңіл-күйімізді не анықтайды? Қиындық, дағдарыс және депрессияның жағымсыз әсерін қалай жеңуге болады? Практикалық психология орталығының психологы Роза Жангалиева позитивті ойлауды қалыптастыру және психикалық денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы пайдалы ұсыныстар берді.

А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ практикалық психология орталығы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

87475139919 телефоны арқылы кеңес алуға немесе психологтың қабылдауына жазылуға болады.

Қабылдау комиссиясы