object(DateTime)#1036 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-28 17:08:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна, тарих ғылымдарының кандидаты

Тағылымдама бағыты: Педагогикалық ғылымдар

  • 2022 жылғы 25-27 мамыр аралығында Педагогикалық білім беру бойынша VIII Халықаралық форумның жұмысына қатысып, "Бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасады.
  • 2022 жылдың 25 мамырында "Психологиялық-педагогикалық қадағалау мамандықтағы мұғалімді сүйемелдеу нысаны ретінде" атты дөңгелек үстел жұмысына, "Топ кураторының бірінші курс студенттерімен тәрбие жұмысын ұйымдастыру" тренингіне қатысты.
  • 2022 жылдың 26 мамырында "Цифрлық платформалар: педагогикалық білім беру зерттеушілерінің халықаралық қоғамдастығының тәжірибесі (ПББЗХ0Т)" және "ЖОО оқытушыларына арналған тағылымдама бағдарламаларының тұсаукесері" ҚФУ ашық подиумдарына қатысып, "Пандемиядан кейінгі кезеңдегі университеттік білім берудің жаңа сапасы" атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
  • 2022 жылдың 28 мамырында "Білім: шындықтар мен перспективалар" X Халықаралық ашық педагогикалық форумының жұмысына қатысып, "Қазіргі заманғы тарихи білім" секциясында "Мектептегі тарихи білім: тәжірибе және проблемалар" тақырыбында баяндама жасады.
  • 30 мамырда "Тілдік анимация" шеберлік сабағына қатысып, "Тілдік анимация" оқыту әдістемесімен танысты.
  • 2022 жылғы 2 маусымда "Қоғам 5.0" стратегиясының өнеркәсіптік аумақтары халқының өмір сүру сапасы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысып, "Сыни ойлау құзыреттілік тәсіл жағдайындағы психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде" тақырыбында баяндамалар ұсынды.
  • 2022 жылдың 17 маусымында "Жоғары мектептегі өзгерістердің негізі ретінде цифрлық құзыреттіліктер" дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.
  • 2022 жылғы 24 маусымда "ЖОО-дағы тәрбие жұмысының заманауи нысандары: мазмұны мен болашағы" питч-сессиясында спикер болды.
  • 2022 жылдың 7 шілдесінде "Қазіргі замандағы Университет" дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.
  • "Білім берудегі Менеджмент", "Тарихты оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары", "Орталық Азия: тарих, мәдениет, қазіргі заман", "Деректанудың әдіснамалық мәселелері мен әдістері", "Ауызша тарих және практика" бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
  • "Білім берудегі Форсайт-зерттеу" және "Форсайт-сессияны өткізу әдістемесі" курстарын зерделеу және игеру нәтижелері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналда "Форсайт гуманитарлық бейіндегі метакомпетенцияларды дамыту құралы ретінде" тақырыбында жариялауға дайындалды.

Қабылдау комиссиясы