Шетелдік ұйымның атауы: М.В. Ломоносов атындағы ММУ, (Мәскеу қ., Ресей)
Ғылыми тағылымдаманың тақырыбы: Білім берудегі стратегиялық менеджмент. Университетті басқару
Тағылымдамадан өту мерзімі: 01.02.2022-31.07.2022 ж.
Тағылымдамадан өту кезеңінде ММУ жұмысына қатысты:
Тағылымдама кезеңінде Мәскеу қаласындағы университеттердің жетекші профессорларымен магистранттарды, Ph(d) докторларын, MBA, EMBA бағдарламаларының тыңдаушыларын даярлаудағы ынтымақтастық тұрғысынан бірқатар кездесулер өткізді. Бірлескен жобаларды жүргізу үшін халықаралық байланыстарды жолға қою, ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар құру мақсатында бірқатар жұмыс кездесулері өткізілді: М.В. Ломоносов атындағы ММУ халықаралық қатынастар басқармасының мамандарымен; РУДН экономикалық факультетінің Халықаралық бағдарламалар үйлестірушісімен; "Университет 2035" АНО әріптестік желісін дамыту жөніндегі директорымен және т. б.

