Жобаның атауы: ЖОО-ның білім беру бағдарламаларында пәнаралық модульдік курстар көмегімен стартаптарды дамыту бойынша АКТ-мамандықтары студенттерінің құзыреттілігін жандандыр
Жоба нөмірі: 609870-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP
Жобаны іске асыру мерзімі: 15/11/2019 - 14/11/2022
Вебсайт: https://uxiship.rsue.ru/
Жалпы міндеттері:
- АКТ-құзыреттілігіне негізделген кәсіпкерлік модулін енгізу арқылы ҚР және РФ серіктес-университеттерінде техникалық оқыту бағдарламаларын жетілдіру;
- бірлескен білім беруде, бағалауда және кері байланыста серіктес университеттердің күш-жігерін біріктіру арқылы техникалық оқыту бағдарламаларында жұмсақ дағдыларды дамыту үшін ІТ-кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету бағдарламасын іске қосу;
- Серіктес-университеттердің консорциумы таныған бірлескен курстарды енгізу жолымен Болон процесіне сәйкес ЕО стандарттарына дейін техникалық оқыту бағдарламаларын жаңарту.
Ерекше міндеттері:
- АКТ-мамандықтар базасында, серіктес-университеттерде, 2021 жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпкерлік модулін енгізу;
- 2020 жылы АКТ негізінде кәсіпкерлік модульді іске асыруда әрбір серіктес-университет тарапынан сала бойынша 100-200 студент, 1-2 оқытушы және 1 тәлімгердің қатысуын қамтамасыз ету.
- ЕО стандарттарына дейін білім беру процесін жаңарту;
- Еңбек нарығын АКТ және кәсіпкерлік құзыреттеріне ие, көп салалы білімді инженерлік мамандықтармен қамтамасыз ету;
- Тиімді және мақсатты түрде тарату есебінен жоба нәтижелерінің орнықтылығы, кепілдендірілген ұзақ өмір сүруі
Жоба бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ серіктестері:
Жоба грантына өтініш беруші және жетекші серіктесі болып келісімге сәйкес Висмар қолданбалы ғылымдар, технология, бизнес және дизайн университеті белгіленді, Германия.
Ескерту: Жоба Еуропалық Комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл сайттың мазмұны университеттің жауапкершілігінде және Еуропалық Комиссияның көзқарастарын білдірмейді.