object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-30 22:55:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚР ҰҚМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы

ҚР ҰҚМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы ЖОО білім алушыларына шетелдік ЖОО-да семестрді өткізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама екі жаққа да жол жүру шығындарын, медициналық сақтандыруды, визаны рәсімдеуді және 120 күн ішінде тұру шығындарын жабады.

Академиялық ұтқырлық географиясы Еуропалық Одаққа кіретін Болон процесіне қатысушы елдерді қамтиды: Болгария, Германия, Греция, Испания, Италия, Литва, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Франция, Чехия.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, үлгерімі жоғары және шет тілін еркін меңгерген магистранттар, докторанттар жіберіледі. 

Қатысуға қойылатын басты талап халықаралық үлгідегі тілдік сертификаттың (IELTS, TOEFL, OnDaF, DELF, TCF, Goethe-Zertifikat) міндетті түрде болуы болып табылады!

Сондай-ақ ағылшын тілінде ресімделетін төмендегі құжаттар қажет:

  • аппликация нысаны немесе өтінім түйіндеме;
  • университеттің елтаңбалы мөрімен расталған транскрипт;
  • тиісті дипломдардың, сертификаттардың және бағалары бар қосымшалардың көшірмелері (тек магистранттар мен PhD студенттер, ПОҚ үшін)
  • негіздеме хат;
  • екі ұсыныс хат (ресми бланкілерде);
  • төлқұжаттың көшірмесі;
  • қол қойылған және басып шығарылған құрмет декларациясы. 

Негіздеме хатында келесі болуы керек:

  • неліктен сіз осы мекемеде осы оқу бағдарламасын таңдадыңыз немесе неге Еуропада зерттеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдадыңыз;
  • бағдарлама сіздің бұрынғы біліміңізбен қалай байланысты;
  • ЕО бағдарламасы сіздің мансабыңызға қалай әсер етеді.
Қабылдау комиссиясы