Skip to content

«Педагогикалық білім берудің үздіксіздігі-заманауи педагогтардың табыстылығының кепілі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты Алтынсарин оқулары-2022 «Педагогикалық білім берудің үздіксіздігі-заманауи педагогтардың табыстылығының кепілі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Конференция 2022ж. ақпан айының 11-і күні өтеді.

"Алтынсарин оқулары" - конференциясы Қостанай облысының білім беру жүйесініңең маңызды ғылыми іс-шараларының бірі. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жүздеген ғалымдары, білім беру жүйесінің, қоғамдық ұйымдардың, облыс және қала әкімшілігінің өкілдері қатысады.

Біздің университет аймақтағы білім беру ұйымдары мен белсенді жұмыс істейді. ЖОО – Мектеп – Колледж – Білім басқармасының өзара іс-қимылы мен интеграциясының негізгі бағыттары: облыстың білім беру ұйымдарынан жұмыс берушілерді тарту, ЖОО-ның әлеуметтік әріптестерін мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартуды, бағалау жүйесін, педагогтардың қызметін жаңғыртуды және өңірлік білім беруді дамытудың өзекті міндеттерін ескеретін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және кәсіптік даярлау мазмұнын қалыптастыруға тарту.

Конференция аясында білім беру және білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің өзекті мәселелері жарияланады. Конференцияның диалогтық алаңы инновациялық-педагогикалық тәжірибені таратуға, ғылым мен практиканың басым бағыттары бойынша идеялармен алмасуға, жасғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз конференцияда қызықты баяндамалар күтеміз, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін талқылаймыз.

Ақпараттық хат

Бағдарлама

Пленарлық отырыс 2022 жылдың 11 ақпа­нын­да on-line режимінде өтеді.

Уақыты: 11:00-13:00 АМ Алматы

Zoom конференциясына қосылу үшін сілтеме:

Ұсыныстар мен тілектерді қалдыру