Назар аударыңыздар!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
«Білім беру практикасындағы технологиялар мен инновациялар: жаңа қиындықтар мен тиімді шешімдер» атты жыл сайын өтетін Алтынсарин оқулары – 2026 Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілетіні туралы хабарлайды.
Халықаралық сарапшылар мен серіктестер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен зерттеушілері, мектеп мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер, қазіргі заманғы білім беру мәселелеріне мүдделі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін белсенді қатысуға шақырамыз!
Өтетін күні: 13 ақпан 2026 ж.
Өтетін орны: Костанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118
Ұйымдастыру комитеті: Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасы