2024 жылдың 8 қарашасында «ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың басындағы Орталық Азиядағы әкімшілік басқару жүйесін трансформациялау процестері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының өткізілуі жоспарлануда. Конференцияны өткізудің басты мақсаты XIX ғасыр – ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласы мен Түркістан өлкесіндегі жергілікті басқару жүйесі институттарының қалыптасуы мен жұмыс істеу процестерін салыстырмалы талдау және ұғыну.
Конференция барысында келесі бағыттар бойынша сессиялардың жұмысы жоспарлануда:
Конференция барысында жетекші Қазақстан және шетел ғалымдарының қатысуымен бағыттарға сәйкес секциялар ұйымдастырылады.
Конференция жұмысына қатысуға педагогикалық ұжымдардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады. Жол жүруге және тұруға байланысты іс-сапар шығыстары іс-сапарға жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, ағылшын, орыс.
Конференцияға қатысуға ниет білдіргендерден 2024 жылдың 3 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне tarih.kostanay@gmail.com электрондық мекенжайға төменде ұсынылған форма бойынша өтінім және баяндама мәтінін жіберуді сұраймыз. Файл атауында «Автордың тегі_№ секция бағытының нөмірі» көрсетіледі. Конференция материалдары бойынша ӘОЖ, КБК кітапханалық индекстерін, халықаралық стандартты кітап нөмірін (ISBN) бере отырып, конференция материалдарының электрондық жинағы жарияланады. Ұйымдастыру жарнасы көзделмеген, жарияланымдар ақысыз түрде жарияланады
Өткізілетін уақыты және жері:
Пленарлық сессия 2024 жылдың 8 қарашасында сағат 11.00-де офлайн және онлайн режимде өткізіледі. Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі 118, 2 қабат, конференц-зал.
Конференцияға қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/87857984851?pwd=pipOfZVwrdESUaEAxDkMKhBD1jDMUz.1
Конференция идентификаторы: 878 5798 4851
Код: 512759