ИННОВА 2023

Құрметті әріптестер!

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті профессор-оқытушылар құрамын, әкімшілік-басқарушы персоналды, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар мен докторанттарды 2023 жылғы 14 наурызда өтетін "ИННОВА 2023" халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырады.

Мақсаты-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелерін, инновациялық білім беру технологияларын қолдануды және оқу процесіне ғылыми зерттеулерді енгізу нәтижелерін талқылау.

Жалпы отырыс өткізу және секциялар жұмысы жоспарлануда:

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу форматы – күндізгі және қашықтықтан.

Конференция жұмысына қатысушылыр үшін конференция материалдарын электронды түрде жариялау жоспарланған (жинақ 2023 жылдың сәуіріне шығарылады). Конференция жинағында жарияланымдар коммерциялық емес негізде жүзеге асырылады

Ақпараттық хат

Қабылдау комиссиясы