Батырбеков Асылбек Нұрлыбекұлы, ветеринария ғылымдарының кандидаты

Тағылымдама бағыты: Ветеринария

Шетелдік ұйымның атауы: Литва денсаулық сақтау ғылымдары университеті (Каунас қ., Литва)

Ғылыми тағылымдама тақырыбы: Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы

Тағылымдама мерзімі: 01.04.2024-31.07.2024 ж.

Тағылымдама кезеңінде бекітілген бағдарламаға сәйкес барлық қойылған міндеттер толық орындалды. Ветеринария және тағам қауіпсіздігі саласындағы мамандарды даярлаудың білім беру тәжірибесі зерделенді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілді; шикізаттан бөлініп алынған бактериялардың фенотиптік және генотиптік резистенттілігі зерттелді; Каунас қаласы мен Қостанай облысының аумағында бөлінген бактерия изоляттарына салыстырмалы талдау жасалды.

«Ветеринария» ғылыми бағыты бойынша «500 ғалым» жобасы аясындағы ғылыми тағылымдама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналда «Investigation of microbiological parameters of chicken raw materials at trade facilities in Kaunas» тақырыбында бірлескен мақала жарияланды.

Тағылымдама кезеңінде келесі іс-шараларға қатысты:

  • 04.2024 ж. Литва денсаулық сақтау ғылымдары университеті жанындағы Ветеринариялық дәрігерлерді практикалық оқыту және тестілеу орталығына (PMBC) және Жабайы табиғатты қорғау орталығына (LGGC) бару.
  • 04.-25.04.2024 ж. «Көктемгі білім 2024: Симуляциялар лабиринтінде қалай адаспауға болады?» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу.
  • 04.2024 ж. Литва микробиологтарының съезіне және «Микробиология 2024» ғылыми конференциясына қатысу.
  • 04.2024 ж. «Ветеринариялық медицина» мамандығының 2-курс магистранттарының магистрлік диссертацияларын алдын ала қорғау жұмысына қатысу.
  • 05.-15.05.2024 ж. Терамо университеті (Италия, Пиза) ғалымдарының «Ветеринариялық практикада жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбындағы дәрістеріне қатысу.
  • 05.2024 ж. Студенттер мен магистранттарды оқыту және ғылыми зерттеулер жүргізу барысында парктер қорын пайдалану тәжірибесімен танысу мақсатында Зоологиялық парк пен Зоологиялық мұражайға бару.
  • 05.2024 ж. HACCP стандарттарын енгізу тәжірибесін зерделеу үшін мал шаруашылығы кешеніне бару.
  • 05.2024 ж. Сүтті талдаудың еуропалық тәжірибесін зерделеу мақсатында «Pieno Tyrimai» Республикалық сүт зерттеу орталығына бару (Каунас қ., Литва).
  • 05.2024 ж. Литва қой тұқымының генофондын сақтау бойынша асыл тұқымды қой шаруашылығына бару. Сою технологиясын, HACCP стандарттарын енгізу тәжірибесін және LSMU Мал шаруашылығы институтының жұмысын зерделеу.
  • 05.2024 ж. HACCP стандарттарын енгізу және пайдалану тәжірибесін, өндірістік бақылау әдістерін зерделеу мақсатында «NORVELITA» балық өңдеу кәсіпорнына және «Raseiniu Zuvininkyste» балық шаруашылығына бару.
  • 05.2024 ж. «Антибиотиктерге төзімділік. Өсімдіктердің белсенді заттарын пайдалана отырып, сиырлардың өмір сүру сапасын жақсарту» тақырыбындағы ғылыми конференцияға қатысу.
  • 19.06.2024 ж. «Біртұтас денсаулық: Тағам қауіпсіздігінің сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысу.

Қабылдау комиссиясы