17 ақпан күні сағат 11.00-де 206/1А аудиториясында экономика және қаржы кафедрасының апталығы аясында «Экономикалық теорияның ғылыми-әдіснамалық мәселелері: теория және практика» жалпы университеттік семинарының кезекті отырысы өтеді.
Сөз сөйлеушілер: Айтмұхамбетов А.А. т.ғ.д., қауымдастырылған профессор (доцент); Шауленов Ж.А. т.ғ.к., қауымдастырылған профессор; Исмаилов С.С. т.ғ.к., "әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының меңгерушісі.
Семинар тақырыбы: Амангелді Имановтың жетекшілігімен қазақ халқының көтерілісінің 110 жылдығына орай.
Семинар жетекшісі: Жиентаев С.М. э. ғ. д., профессор.