object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 04:20:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Ауыл шаруашылығындағы тозаңдандырғыштар мен аралардың маңыздылығы» тақырыбында семинар

Құрметті әріптестер, білім алушылар! «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры» Корпоративтік қоры В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасымен бірлесіп 2023 жылғы 9 ақпанда «Ауыл шаруашылығындағы тозаңдандырғыштар мен аралардың маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізеді, осыған байланысты Сіздерді осы семинардың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Семинардың басталуы: сағат 11.00

Мекен-жайы: «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Қостанай қ., Абай даңғылы 28, 2 корпус, 309 ауд.

Семинар спикерлері:

Уақыты: Семинар іс-шаралары
11:00 «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры» корпоративтік қорының басшысы Асылбеков Асылхан Дайырұлына құттықтау сөз. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің в. Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нұғманов Алмабек Батыржанұлына құттықтау сөз
11:15 «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Молдашов Аслан Асылханұлының сөз сөйлеуі
11:25 Қостанай облысы бойынша "Бал-Ара" ұлттық омарташылар одағының төрағасы Сергей Евгеньевич Петровтың сөз сөйлеуі
11:35 Қазақстан Далашылар одағының төрағасы Виктор Сергеевич Аслановтың сөз сөйлеуі
11:45 Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Бал-Ара» ұлттық одағының өңірлік өкілі Абзал Дәулетчинұлы Жұмағалиевтің «Өсімдіктердің биоалуантүрлілігін арттырудағы өсімдік тозаңдатқыштарының, атап айтқанда бал араларының рөлі» атты баяндамасы
11:55 «KZ Бал үйі» ЖК директорының орынбасары Кауез Жұмабайұлы Нұрахметовтың сөз сөйлеуі
12:05 А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Сергей Константинович Кожевниковтың «Шағын фермерлік шаруашылықтарда омарта ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты баяндамасы
12:15 Биология (энтомология) саласындағы маман Татьяна Геннадьевна Мариненконың «Аралар мен бал өсімдіктерінің жәндіктер зиянкестері туралы» баяндамасы
12:25 А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Папуша Наталья Владимировнаның «Циклден пәндерді оқытуда ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу туралы – Ара шаруашылығы» баяндамасы
12:35 Семинарға қатысушылардың сөз сөйлеуі
12:45 Семинарды қорытындылау және қарар қабылдау. Сертификаттарды тапсыру.

Ұйымдастыру комитеті Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры» Корпоративтік қоры

Қабылдау комиссиясы