object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-01-05 21:05:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Шебердің қолы ортақ»

Университеттің  Пушкин көшесі, 136 мекенжайында орналасқан кітапханасында «Шебердің қолы ортақ» көрме алаңы жұмыс жасай бастады. Университеттің ПОҚ, қызметкерлері, студенттері тарапына өз қолдарымен жасаған бұйымдары қабылданады. Бұл сәндік-қолданбалы өнер туындылары: тігу, құрақ тігу, аппликация, тоқу, ағаш күйдіру, ағаш оймыштау, сурет салу, мозаика, өрімдеу (бамбук, береста, моншақ, ою-өрнек, макраме, ағаш оймыштау, кілем тоқу), сурет салу (хохлома, батик), сазбалшықтан мүсіндеу және басқа да жұмыстар. Көрменің мақсаты – Ахмет Байтурсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті қауымдастығының қызығушылықтары, хоббилері, сүйікті ісін көрсету. Экспонаттардың тұтастығы мен сақталуы қамтамасыз етіледі. Жұмыстар 2024 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қабылданады, көрме алаңына жауапты: Өтеулі Ж.Ж., байланыс телефоны: 8-705-988-87-86.

Қабылдау комиссиясы