Хакатон — бұл белгілі бір тақырып аясында қысқа уақыт ішінде команда болып жаңа идеялар мен шешімдер әзірлейтін байқау форматындағы шара. Мұнда қатысушылар өз білімін тәжірибеде қолданып, инновациялық жобалар құруға мүмкіндік алады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жетекші агроөнеркәсіптік компаниялармен және Qostanai hub-пен бірлесіп, «Qostanai AgroTech Hackathon 2025» республикалық хакатонының басталғанын хабарлайды.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттерін командаларға бірігіп, агроөнеркәсіптік кешеннің нақты міндеттеріне арналған инновациялық шешімдерді әзірлеуге қатысуға шақырамыз. Бұл сіздің біліміңізді іс жүзінде қолдануға, өзіңізді танытуға және ірі ақшалай сыйлық үшін күресуге мүмкіндік береді.
Хакатонның басты мақсаты — агроөнеркәсіп саласы көшбасшыларының өзекті міндеттерін шешу арқылы жастардың инновациялық белсенділігін ынталандыру және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Ұйымдастырушылар:
Жүлде қоры — 1 500 000 теңге
Әр кейс бойынша бір-бірден, үш жеңімпаз команда анықталады. Әрбір жеңімпаз команда 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Үздік қатысушылар сондай-ақ ұйымдастырушы компанияда кейсті әзірлеуді жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Кімдер қатыса алады?
Қатысуға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура студенттері шақырылады. Қатысу командалық, команда құрамы — 2-ден 5 адамға дейін. Хакатонға қатысу тегін.
Хакатон қалай өтеді?
Сайыс екі кезеңде өтеді:
Өткізіп алмауға болмайтын маңызды күндер:
Қалай тіркелуге болады?
Команда жинап, 2025 жылғы 9 қазан, сағат 23:59-ға дейін мына сілтеме бойынша өтінім беріңіз:
https://forms.amocrm.ru/rcltrdc
Жаңалықтар мен кейстердің жариялануын ресми Instagram-парақшалардан бақылаңыз: @baitursynuly_university, @smart_center_kru, @qostanai.hub.
Назар аударыңыз: офлайн форматтағы Demo Day-ге өткен басқа қалалардан келген командалардың іссапар шығындары (жол жүру, тұру) қатысушылардың өздері немесе жіберуші ЖОО есебінен өтеледі.
Барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:
Ереже Республикалық «Qostanai AgroTech Hackathon 2025» хакатоны